ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резеріне іріктеу жариялады
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне барлығы 100 адамнан аспайтын, оның ішінде:
- 1-ші санаттың 1-ші тобына 10 адамға дейін;
- 1-ші санаттың 2-ші тобының 1) кіші тобына 10 адамға дейін;
- 1-ші санаттың 2-ші тобының 2) кіші тобына 20 адамға дейін;
- 1-ші санаттың 2-ші тобының 3) кіші тобына 40 адамға дейін;
- 2-ші санатқа 20 адамға дейін алу үшін іріктеу өткізіледі.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №708 Жарлығымен бекітілді.
«А» корпусының кадр резервіне іріктеу 3 кезеңнен тұрады:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасаған кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасы, қисынды ойлау, біліктілік деңгейін анықтау, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша үміткерлерді тестілеу;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиялары және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасаған кестелерге* сәйкес үміткерлермен әңгімелесу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері құжаттарды 2014 ж. 13 наурызынан 2014 ж. 28 наурызын қоса алған кезеңде қабылдайды.
Үміткерлердің көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
Құжаттар [email protected] электрондық почта және қолма-қол немесе келесі мекенжай бойынша қабылданады:
№
Аумақ
Мекенжай
1
Орталық аппарат
Астана қ., Абай көшесі, 33а
2
Астана қаласы бойынша аумақтық департамент
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11
3
Алматы қаласы бойынша аумақтық департамент
Алматы қ,
Республика алаңы, 4
4
Ақмола облысы бойынша аумақтық департамент
Көкшетау қ., Сәтбаев көшесі, 1, Б корпусы
5
Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департамент
Ақтөбе қ.,
Әбілқайыр хан даңғылы, 40
6
Алматы облысы бойынша аумақтық департамент
Талдықорған қ,
Тәуелсіздік көшесі, 38
7
Атырау облысы бойынша аумақтық департамент
Атырау қ.,
Әйтеке би көшесі, 77
8
Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент
Өскемен қ., Горький көшесі, 40
9
Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент
Тараз қ.,
Абай көшесі, 125
10
Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент
Орал қ.,
Достық көшесі, 201
11
Қарағанды облысы бойынша аумақтық департамент
Қарағанды қ.,
Бейбітшілік бульвары даңғылы, 39
12
Қостанай облысы бойынша аумақтық департамент
Қостанай қ.,
Қасымқанов көшесі, 34
13
Қызылорда облысы бойынша аумақтық департамент
Қызылорда қ.,
Жақаев көшесі, 76
14
Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департамент
Ақтау қ,
9-ш/а, 23-ғимарат
15
Павлодар облысы бойынша аумақтық департамент
Павлодар қ.,
Қайырбаев көшесі, 32
16
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент
Петропавл қ.,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 58
17
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент
Шымкент қ.,
Тәуке хан даңғылы, 6
Құжаттар қабылданғанда үміткерге олардың тіркелгені туралы қолхат беріледі (ол электрондық түрде болуы мүмкін).
Құжаттар электрондық почта арқылы жіберілген жағдайда, үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу басталудан үш сағаттан бұрын ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда үміткер тестілеуге жіберілмейді.
Толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz «А» корпусы» бөлімінде және келесі телефондар бойынша алуға болады:
№
Облыс
Телефон
1
Астана қ.
8 (7172) 75 34 75, 75 34 23, 75 33 04,
75 35 31, 8 701 100 98 65, 8 701 100 62 96,
8 701 100 82 75
2
Алматы қ.
8 (727) 272 01 85, 72 02 64
3
Ақмола облысы
8 (7162) 25 32 64, 25 36 40, 72-18 19
4
Ақтөбе облысы
8 (7132) 54 26 88, 93 21 73
5
Алматы облысы
8 (7282) 27 09 28, 27 21 40,
8 777 288 22 95, 8 777 248 43 65
6
Атырау облысы
8 (7122) 32 11 88, 27 09 69,
7
Шығыс Қазақстан облысы
8 (7232) 24 10 44, 26 58 67
8
Жамбыл облысы
8 (7262) 43 05 36, 43 49 97
9
Батыс Қазақстан облысы
8 (7112) 51 38 94, 50 94 09
10
Карағанды облысы
8 (7212) 42 13 23
11
Қостанай облысы
8 (7142) 50 11 44
12
Қызылорда облысы
8 (7242) 27 80 18, 8 747 220 44 83
13
Маңғыстау облысы
8 (7292) 42 71 88, 42 83 42, 42-82-87
14
Павлодар облысы
8 (7182) 32 29 72, 32 72 72
15
Солтүстік Қазақстан облысы
8 (7152) 50 18 21, 46 23 59
16
Оңтүстік Қазақстан облысы
8 (7252) 55 00 20, 53 06 10, 53 75 39
Қосымша ақпараттар республикалық ресми БАҚ-та жарияланды.