ҚР Президенті жанындағы құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Комиссия Мемлекет басшысының 2013 жылғы 3 сәуірдегі №537 Жарлығына сәйкес құрылған, оның Ережесі мен дербес құрамы бекітілген.
Комиссияны Президент Әкімшілігінің Басшысы басқарады, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы оның орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары (ҰҚК, БП, ЭҚСЖКА, ІІМ, МҚІА, ҚМ, ӘдМ, ТЖМ), Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары, сондай-ақ Бас прокуратура, Қаржы полициясы агенттігі, Ішкі істер министрлігі Қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары - оның мүшелері болып табылады.
Комиссияның негізгі функциялары - Президенттік резервті қалыптастыру және құқық қорғау органдарындағы басшылық лауазымдарды иеленуге кандидаттарды қарастыру.
Комиссияның отырысында екі мәселе қаралды: ұйымдастырушылық және ішкі істер мен кедендік бақылау органдарындағы басқарушы лауазымдарға кандидатураларды келісу.
Комиссия мүшелеріне жұмыстың ұйымдастырылуы, кадрлық материалдарды қалыптастыру тәртібі және қабылданатын шешімдердің ресімделуі туралы хабарланды.