ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебіне құжаттар қабылдап жатыр
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі - бұл ҚР Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығымен құрылған элиталы білім беру құрылымы.
Ол жаңа ұрпақтың жоғары буынының мемлекеттік басқарушыларын мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару саласында халықаралық талаптар деңгейінде аналитикалық және сараптамалық даярлықпен дайындауды жүргізеді. МСҰМ-ның оқытушылары ретінде елдің мемлекеттік басқару органдарының бірінші жетекшілері, белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар, ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Дьюк университетінің, Гарвард университетінің, Лондон экономика мектебінің, Йель университетінің профессорлары сабақ береді.
Құжаттар ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін қабылданады, анықтамалар мына телефондар бойынша: +7 (7172) 75-31-39, 75-32-27, 75-31-80, www.pa-academy.kz .