ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы таяудағы он жылда еуразиялық кеңістіктегі таңдаулы ғылыми-білім ұйымдарының бестігіне кіруге ұмтылуда - А.Өрсариев
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы таяудағы он жылда еуразиялық кеңістіктегі таңдаулы ғылыми-білім ұйымдарының бестігіне кіруге ұмтылуда.
Бұл туралы оқу орнының ректоры Арын Өрсариев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған академия ректораты мен тыңдаушыларының кеңейтілген отырысы барысында мәлім етті.
«Мен операциялық жоспары бір жылға арналған бесжылдық стратегияны жасау міндетін алға қойып отырмын. Бұл стратегия еуразиялық кеңістік, ТМД, ШЫҰ-дағы таңдаулы ғылыми-білім ұйымдарының бестігіне кіруді көздейді, бізде бұған барлық мүмкіндіктер бар», - деп атап көрсетті ректор.
А.Өрсариев академияның кадрларды қайта даярлау және біліктілігін артыру курстарында жылына үш мың мемлекеттік қызмет оқытылатынын, орта және жоғары буындағы 250 мемлекеттік басқарушы даярланатынын әңгімеледі. Бұдан басқа академия өз түлектерімен тұрақты байланыс жасап тұрады, олардың арасында 20 саяси басшы, 5 елші бар, түлектердің 33 пайызы Қазақстанның аймақтарында судья болып жұмыс жасайды.