ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ТМД-ның 50 оқу орнының арасында 12-ші орында тұр

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ТМД елдерінің осы бағыттағы 50 оқу орнының арасында 12-ші орын алды,

ҚР Президенті  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы  ТМД-ның    50 оқу орнының арасында  12-ші  орында   тұр

деп хабарлады академияның сыртқы байланыстар қызметінен.

Бұл рейтингте бірінші орынды Мәскеу халықаралық қатынастар институты (МГИМО) алып отыр. Рейтинг сауалнаманың көмегімен анықталды. Оған қатысқан 54 сарапшы әлемдік рейтингілік агенттіктер пайдаланатын 46 көрсеткіш бойынша жоғары оқу орындарына баға берді.

«Евразийский монитор» коммерциялық емес халықаралық агенттігі жүргізген бұл зерттеуді агенттік басшысы Игорь Задорин мамырдың 22-сінде Алматыда өткен «Білім беру мекемелерінің абырой-бедел бағалау проблемалары» тақырыбындағы халықаралық конференцияда таныстырды.