ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына дипломдар тапсырылды

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Нұрпейісов, бітірушілерді құттықтап, олардан еліміздің дамуына сүбелі үлестерін қоса алатын нағыз маман иелері шығады деген сенімін білдірді.
Өз кезегінде Академия ректоры Арын Өрсариев, биылғы жылғы түлектердің оқу бағдарламасы мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат, ұлттық және әлем экономикасы салаларындағы аса маңызды жаңалықтарға толы болғандығын атап өтті. Академия магистранттары да елдің мемлекеттік органдарында тәжірибеден және әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында халықаралық тәлімдемеден өтті.
Биыл Академияны магистрлік бағдарламалардың 242 тыңдаушысы аяқтап шықты. Академия, мемлекеттік басқару саласында мамандандырылған Орта Азиядағы жоғары оқу орындардың арасында ресми түрде бірінші орынға ие болды.