ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысында мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қарастырылды.