ҚР Президенті жанындағы Модернизация жөніндегі ұлттық комиссия құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев таяу уақытта ҚР Президенті жанындағы Модернизация жөніндегі ұлттық комиссия құрылатындығын жария етті.
«Оның миссиясы - бес институционалдық реформаларды кезеңмен жүзеге асыруды басқару, мемлекеттік органдардың, бизнес-сектордың және азаматтық қоғамның іс-қимылын үйлестіру»,- деді Елбасы бүгінгі ұлықтау рәсімінде мәлім етті.
Осы орайда Мемлекет басшысы ұлттық комиссия жанында беделді шетелдік және қазақстандық сарапшылардың құрамымен халықаралық консультативтік кеңес жұмыс істейтіндігін жеткізді.
«Бұл өз кезегінде ең үздік халықаралық тәжірибені пайдалануға ықпал етеді», - деп тоқталды Президент.
Бұл комиссияның бірінші отырысында Елбасы Ұлт жоспарын ұсынады. Бұл - бұдан ары қарайғы мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы. Осы тұрғыда бес институционалдық реформалар бойынша атқарылатын жұмыстар түсіндіріледі.