ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі «Отар» әскери базасында брифинг өткізеді

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев «Отар» әскери базасында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен брифинг өткізеді.
None
None

Брифингте 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі құрметіне өтетін әскери шерудің дайындығы туралы сөз болады.

«Отардағы әскери базаға баратын журналистерді 3 мамыр күні таңғы сағат 6:00-де Алматыдағы Республика алаңына жиналуларын сұраймыз»,-делінген ortcom.kz сайтында.

Соңғы жаңалықтар