ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мүлкі жаңадан құрылған мекемеге тапсырыла отырып таратылады.