13:10, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІІ пленарлық мәжілісі 2010 жылы Алматыда өтеді
А. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІІ пленарлық мәжілісі алдағы жылдың маусым айында өтеді. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған кеңестің жиырма екінші пленарлық отырысында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2010 жылғы маусымның 8-інде Алматыда кеңестің ХХІІІ пленарлық мәжілісі өтеді»,-деді Елбасы отырысты қорытындылаған сөзінде.
Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы мәжілістің аясында талқыланатын тақырып Қазақстан экономикасын мамандандырылған еңбек ресурстарымен тиімді қамтамасыз ету мәселесіне арналмақ.
Бұл тұрғыда айтылатын мәселелер бар екенін жеткізген Президент, «индустрияландыру шараларына тоқталсақ, бұл бағытта кімдер жұмыс істейтінін білуіміз керек. Яғни, кадрларды даярлау мәселесі біз үшін маңызды саналады», деді.