ҚР Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

ҚР Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесі жұмысының нәтижелері, соның ішінде судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы баяндалды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.