ҚР Президентігіне кандидат Ж. Ахметбеков Қызылорда қаласында болды
ҚЫЗЫЛОРДА. 24 наурыз. ҚазАқпарат -ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков Қызылорда қаласында болды
Ол қаланың орталық алаңында халықпен кездесіп, Сыр елінің жұртшылығы Наурыз мейрамымен құттықтады."Елімізге тыныштық пен ынтымақтастық, жерімізге кеңдік, тәуелсіздік тұғырынан аянбайтын, ауыз біршілік тілеймін.Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын, ағайындар!", - деді өз сөзінде Ж. Ахметбеков.
Сонымен қатар Президенттікке кандидат қаланың мекемелері тұрғызған киіз үйлерге бас сұғып, дастарханнан дәм татты, сайлаушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Президенттікке кандидат Ж. Ахметбековтың Қызылордадағы үгіт-насихат шарасы кезінде Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Қызылорда облыстық комитетінің қолдауымен облыстық ақындар айтысы ұйымдастрылып, оны жұртшылық тамашалады. Әділқазылар алқасынынң шешімімен бас ақшалай жүлдені Мұхтар Ниязов жеңіп алды. Екінші орынды Нұрмат Мансұров иеленсе, үшінші орын айтысқа қатысқан қалған төрт ақынға бірдей бөлініп берілді, оларға ынталандыру сыйлықтары ұсынылды.