ҚР Президентімен «тікелей желіде» жобалаушылар мен зерттеушілер тамаша идеялар айтты

АНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Дамир Бәйменов/ - ҚР Президентімен «тікелей желіде» жобалаушылар мен зерттеушілер тамаша идеялар айтты. Call-орталығы солардың екеуі туралы хабарлайды.
None
None

Суретші-зерттеуші Дана Мұқанова-Хуршудян ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан «Ұлы көш. Сақтар патшалығынан Еуропаға мыңжылдықтар сүрлеуімен» деген мега-жобаны қолдауды сұрайды. Жобаны іске асырудың өн бойында еуропалықтарды скифтердің-сақтардың билік құрған кезеңіндегі еуразиялық даланың ежелгі тарихынан бастап және орта ғасырлардағы қазақ руларының баға жетпес мәдени мұраларымен, қазақ халқының мәдени және қазіргі дәстүрлерімен таныстыруды қамтиды.

 «Көшпенді өнер мұражайы жобасы киіз үйлерде құрылады және бүкіл Еуропа бойынша қаладан қалаға көшіп жүретін болады. Д.Мұқанова-Хуршудянның пікірінше, осының арқасында бірігудің тарихи қағидасы жандана түспекші. Осыған байланысты, қазақ халқының дәстүрімен өз бетінше танысуға мүмкіндік алатын адамдардың саны арта түседі.

 Алматыда тұратын құрылысшы-инженер Болат Абақов Қазақстанда 2011 жылы қысқы Азия ойындарының өткізілуін ескере отырып, оның олимпиада нысандары мен ірі туристік орталықтары жобаларына көңіл бөлуді өтінеді. Нысан Жер шары түрінде құрастырылған, оның ішінде велотрек, биіктіктен суға секіруге арналған құрылғы, көрме залы, сауда-ойын-сауық орталығы, басқа да спорттық және көңіл көтеру құрылыстары көзделген.

Мемлекет басшысының атына түсетін сұрақтардың саны әр секунд сайын ұлғаюда - қазіргі сәтте олар 5,2 мыңнан асады. Халықты әлеуметтік қорғау саласы ең көкейкесті болып қалып отыр. Осы айдарда мыңнан астам сұрақтар тіркелді. Одан кейінгі орында тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы - осы салалар бойынша мыңға жуық қазақстандықтар сұрақтар қойған, сондай-ақ заңдардың және құқықтық тәртіптің сақталуы да назардан тыс қалмаған.

Белсенді аймақтар үштігінде Астана, Алматы және Алматы облысы бар. Call-орталығының операторлары барынша көп сұрақтар қабылдаған - олар 3,2 мыңнан асады. СМС-сұрақтардың саны 150-ден асты. Ресми сайт арқылы 1,6 мыңнан астам сұрақтар жіберілген.

Халықтық дауыс беру арқылы ең танымал делінген сұрақтарға ҚР Президенті Н.Назарбаев 2009 жылғы қарашаның 13-інде «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналарында, «Хабар», «Шалқар», «Қазақ радиосы», «Астана қаласының радиосы» радиоарналарында тікелей эфирде жауап беретінін естеріңізге саламыз.

Бұл уақытқа дейін әркім өз сұрақтарын республика бойынша бірыңғай +7 (7172) 555-777 телефон нөмірі арқылы қоя алады, KСеll, Beeline, Neo, Altel ұялы байланысты пайдаланушылар үшін 1111 нөміріне СМС-хабарлама арқылы жіберуге, www.line.gov.kz сайтының тиісті бөлімін пайдалана отырып Интернет бойынша әркім өз бейнесұрақтарын қоюына болады. Сонымен қатар, vopros@akorda.kz электронды мекен-жайға әркім өз сұрақтарын қоя алады.

Барлық байланыс арналары мүлдем тегін ұсынылады және еліміздің кез келген нүктесінен тәулік бойғы форматта қол жетімді болады. Сұрақтарды қабылдау үшін арнайы call-орталығы құрылған, оның қызметкерлері сұрақтарды қарашаның 13-ін қоса алғандағы күнге дейін қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар