ҚР Президентiн сайлау жоғары деңгейде өтiп жатыр - «МУЗ-ТВ» директоры Арман Дәулетияров
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентiн сайлау өте жоғары деңгейде өтiп жатыр. Бұл туралы Ресейден келген халықаралық байқаушы, «МУЗ-ТВ» директоры Арман Дәулетияров мәлiм еттi.
"Сайлау жоғары деңгейде және халықаралық стандарттарға сай өтуде. Қатты жел болса да, таңертеңнен сайлаушылар нөпiрi көп. Бiрақ сайлауды ұйымдастыру деңгейiнiң жоғары болуы есебiнен сайлаушыларда ешбiр мәселе туындаған жоқ", - деп атап өттi ол.