ҚР Президентіне кандидат Жамбыл Ахметбеков Алматы қаласында Ресей Федерациясы журналистерімен кездесті

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат. ҚР Президентіне ҚКХП атынан кандидат Жамбыл Ахметбеков Алматы қаласында Ресей Федерациясы БАҚ журналистерімен кездесті, деп хабарлайды кандидаттың баспасөз қызметі.

ҚР Президентіне кандидат Жамбыл Ахметбеков Алматы қаласында Ресей Федерациясы журналистерімен кездесті

Кездесу журналистер кандидатқа өздерін толғандырған сұрақтарды қоя алатындай дөңгелек үстел форматында өтті. Олардың арасында «Московский комсомолец», «Комсомольская правда», «Парламентская газета», «Новые известия», «Профиль» журналы, «Голос России» радиосы, «Россия 24» телеарнасы, Новости РАА, «Мир» телекомпаниясы бар.

Кандидат Ж.Ахметбеков жиналғандарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, атап айтқанда, «Жамбыл Ахметбековтың үш инициативасы» бағдарламасын таныстырып, түсініктемелер берді.