ҚР Президентінің 100 күн ішінде атқарған жұмыстарының видеошолуы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде халық алдында ант беріп, ұлықтау рәсімінен кейінгі 100 күн ішінде атқарған жұмыстарының видеошолуы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің 100 күн ішінде атқарған жұмыстарының видеошолуы жарияланды

Бейнешолуды өзінің Facebook -тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімі өткеннен бері 100 күн өтті. ҚР Президентінің осы аралықтағы жұмыстарына қысқаша шолу»,-деп жазды Берік Уәли.

Қысқаша шолу «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенімен» дайындалды.