ҚР Президентінің «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» мақаласында көтерілген бастамалар ядролық қаруды таратпау проблемасына жаңа көзқараспен назар аударуға мүмкіндік береді - А.Соловьева

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - ҚР Президентінің «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» мақаласында көтерілген бастамалар ядролық қаруды таратпау проблемасына жаңа көзқараспен назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева айтты.
None
None

«Мен бұл ұсыныстар дер кезінде көтеріліп отыр деп санаймын. Мемлекет басшысы айтып отырған бастамалар бүгінгі күні өте өзекті және әркімді де жаһандық қауіпсіздік мәселесіне жаңаша қарауға итермелейді», деді халық қалаулысы.

А.Соловьеваның айтуынша, Елбасы жаңа әмбебап шарт жасасу қажеттігі жөнінде байсалы тұжырым жасап отыр, өйткені ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт бүгінгі күн талаптарына жауап бере алмайды.

«Біздің мемлекетіміз басшысының бұған толық моралдық және азаматтық құқығы бар, өйткені оның шешімі арқасында әлемдегі ең үлкен атом полигоны жабылды», деп атап өтті депутат.

Бұдан басқа А.Соловьева Н.Назарбаев нақ осы Қазақстанда ядролық қауіпсіздік бойынша халықаралық оқу орталығын ашуды кездейсоқ ұсынып отырмағанын атап өтті. Өйткені, оның айтуынша, біздің республикамызда бұл мәселеде үлкен тәжірибе бар және Қазақстан демократиялық ұстанымдарды жақтайтын бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде әрқашан да бейбіт бастамаларды қолдауға үндеп келеді.

Соңғы жаңалықтар