ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Н.Назарбаевтың ұлттық компаниялардағы кадрлық проблемалар туралы сөзіне түсіндірме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорда Фейсбуктегі ресми аккаунтында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық компаниядардағы кадрлық проблемалар туралы сөзіне түсіндірме жасады.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Н.Назарбаевтың ұлттық компаниялардағы кадрлық проблемалар туралы сөзіне түсіндірме жасады

«Бүгін Елбасы төрағалық еткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бірқатар ақпараттық агенттіктер Президент өзінің орнын басатын лайықты адам жоқ» деген тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады-мыс деп хабарлады, баспасөз хатшысы Д. Абаев.

Бұл сөздер мәтіннен үзіп-жұлқып алынған үзіндісі ғана, шын мәнінде Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде министрліктер мен ведомстволар басшылығы деңгейіндегі кадрлар мәселесіне назар аударды. Біз ұсынған видеоны көрген соң, бұған көз жеткізуге болады.

Президенттің сөзінің мәніне және интонациясына көңіл бөлмей шалағай түсіндіру, өзінің түсінігі бойынша сол қалпы жариялау - бұл сенсация қуған кей журналистердің ұқыпсыздық танытуы деп ойлаймын», - деп түсіндірме жасады Д.Абаев.