14:28, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Президентінің Д.А. Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы қаулысына 15 жыл толды
АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін аса көрнекті қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы ҚР Президенті қаулысының қабылданғанына 15 жыл толды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы Н. Назарбаев бұл құжатты 1994 жылы ақпанның 24-інде Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстанға сіңірген айрықша еңбегін тану және оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында қабылдаған болатын. Қаулыда ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тау-кен институтына, Шығыс Қазақстан облысы «Лениногор полиметалл комбинаты» АҚ-ына Қонаевтың аты берілсін; Алматы қаласындағы Карл Маркс көшесі Д.А.Қонаевтың атымен аталсын; Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға жыл сайын берілетін академик Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтар тағайындалсын; Алматы қаласында Д.А. Қонаевтың мұражай үйі ұйымдастырылсын және ол тұрған Төлебаев көшесіндегі 119-шы үйде мемориалдық тақта орнатылсын деп көрсетілген болатын.