ҚР Президентінің Іс басқармасы ауруханасында тізе протезін орнатудың бірегей технологиясы енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасында тізе протезін орнатудың бірегей технологиясы енгізілді. Ол тізенің 155 градусқа дейін толық бүгілуіне мүмкіндік, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Медициналық орталықтың дерегі бойынша, биылғы жарты жылда ауруханаға диагностика мен емдеуге бағытталған 8 жаңа технология енгізілген.

«Жоғары технологиялық медициналық көмекті кеңейту мақсатында аяқ буынының 155 градусқа дейін толық бүгілуіне мүмкіндік беретін бірегей тізе протезін қолданатын жаңа технология енгізілді. Тізе буынының протезін орнату операциясы үндістандық хирургтармен бірлесіп аурухана базасында тұңғыш рет жасалды. Диагностикалық қызмет түрлерін көбейту үшін дербес геномдық және иммундық-гистохимиялық диагностика саласында 2 технология, оңалту қызметтерін жетілдіру үшін 2 технология енгізілді. Бұлар – коронавирустан кейін науқасты оңалтуға негізделген технологиялар. Сонымен қатар, жұлын қан айналымын реттеп, неврологиялық ауруларды емдеуге арналған оталарды жасауда алғаш рет заманауи Kinevo 900 микроскобы қолданылды», - деп мәлім етті Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының баспасөз қызметінен.

Бұдан бөлек, науқас үшін проктология және урология саласынадағы оталарды жеңіл өткізу мақсатында мини-инвазивті технология қолданыла бастаған. Бұл операциялардан кейін ем алушы тез қалпына келеді. Бүгінде аталған технологиялардың көмегімен 49 науқас емделіп, 574 келушіге диагностика жасалған.


Соңғы жаңалықтар