ҚР Президентінің қатысуымен өткен Жаңа жылдық кеште жиналған 8 млн. теңгеден астам қаражат мүгедек балаларға тапсырылды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Желтоқсанның 25-і күні Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Тәуелсіздік сарайында өткен Жаңа жылдық кеште 8 миллион теңгеден астам қаражат жиналды.
None
None

Бұл қаржы мүгедек және қымбат бағалы ем-домды қажет ететін науқасы бар балаларды емдеуге берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен аталмыш қайырымдылық акциядан жиналған қаражатты Астана қаласы мүгедек балалар қауымдастығының қамқорлығына алынған балаларға тапсыру салтанаты өтті.

И.Тасмағамбетов, қайырымдылық мәселесі - ұлтымыздың мәдениетіне тән дүние екендігін атап өте келе, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін Жаңа жылдық кештерде қайырымдылық шараларын өткізу дәстүрге айналғандығын жеткізді.

Қала басшысының қолынан қомақты сомаларға сертификаттарды төмендегі балалар алды: Айдос Санабеков (диагнозы - жұлын грижасы) - 2 млн. 120 мың теңге, Айдарәлі Шоманов (гидроцефалия) - 200 мың теңге, Дмитрий Осипов (кәдімгі аутизм) - 4,5 млн.теңге, Нұрлан Сарбасов (гироцефалия) - 250 мың теңге, Әлинұр Сағынбеков (микроцефалия, даму ақаулары) - 1 млн. 50 мың теңге.

Соңғы жаңалықтар