ҚР Президентінің «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына алғысы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына ҚР Президентің алғысхатын тапсырды.

ҚР Президентінің «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына алғысы жарияланды

«Бүгін Ақордада елдің үздік журналистерін марапаттау кезінде ҚР Президентінің «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпараттық кеңістікті өрістетуге қосқан зор үлесі үшін Алғысы жарияланады. Осы Алғыс хатта баршаларыңыздың еңбектеріңіз бар. Бұл тұрғыда корпорацияның барлық ұжымына үлкен рахметімді айтқым келеді. Барлығыңызды еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары және байланыс қызметкерлері мерекесімен, кәсіби төл мерекемізбен құттықтаймын!», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова «Қазмедиа орталығында» корпорацияның шығармашылық ұжымын құттықтауға арналған мерекелік шарада.

Сонымен қатар басқарма төрайымы кеше «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған журналистер арасында «Нұр Сұңқар» сыйлығын табыстау рәсiмiнде «Қазақстан» телеарнасының «АПТА.КЗ» сараптамалық бағдарламасының басшысы Еркiн Таңатқанұлы «Ерекше пікір» аталымы бойынша ең үздік телевизиялық журналист ретінде марапатталғанын, сондай-ақ Қазақ радиосының "Қайырлы таң" бағдарламасының редакторы Құралай Жұмахан үздiк деп танылғанын еске салып өтті.

Айта кетейік, «Қазмедиа орталығындағы» салтанатты шара барысында Нұржан Мұхамеджанова Республикалық Телерадиокорпорациясының үздік журналистері мен қызметкерлеріне алғысхаттар мен естелік сыйлықтар тапсмырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы байланыс және ақпарат қызметкерлеріне орай, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, Корпорацияның жұмысын ақпараттық сүйемелдеуге қосқан шығармашылық үлесі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін «ҚазАқпарат» ХАА тілшілері Мұратбек Мақұлбековке, Руслан Ғаббасовқа және Дамир Баймановқа алғысхаттар табыстады.