ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында болашаққа жол ашатын, әлеуметтік теңдік және саяси сенімділік ұялататын қуатты партия жеңіске жетеді - А.Васьков
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында болашаққа жол ашатын, әлеуметтік теңдік және саяси сенімділік ұялататын қуатты партия жеңіске жетеді.
Бұл пікірді бүгін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің мүшесі, сенатор Анатолий Васьков білдірді.
Оның пікірінше, Қазақстанның басқа мемлекеттермен салыстырғанда ерекшелігі бар. Аталған жайттың мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат және ең бастысы осы саясатты нақты басқару және реттеуде байқалатындығын атап өткен ол: «Бүгінгі кезектен тыс ҚР Президентін сайлауда болашаққа жол ашатын, әлеуметтік теңдік және саяси сенімділік ұялататын қуатты партия жеңіске жетеді», - деді.
Шетелдік мейманның атап өтуінше, бүгінгі таңда еліміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Сонымен қатар Қазақстанда өмір сүретін адамдар үшін барлық жағдай жасалуда. Осы орайда алдағы уақытта сайланатын Президент қоғамның дамуына қажетті саясатты жүргізетін болады.