ҚР Президентінің көреген саясатының арқасында инвесторларда Қазақстанда жұмыс жасауға мүмкіндік туды - әлемдік компаниялар өкілдері

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен және Елорда күнімен құттықтаған көптеген хаттар белгілі корпорациялар мен компаниялардың жетекшілерінен және өкілдерінен келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Еуропа қайта құру және даму банкінің Президенті Томас Мироу өзінің және өзінен бұрынғы әріптестерінің Нұрсұлтан Назарбаевты әрдайым жақсы дос, сенімді әріптес және Қазақстанның дамуына өздерінің атсалысуларын лайықты бағалай білетін жан ретінде танығанын жазады.

«Шеврон» корпорациясы атынан Н.Ә.Назарбаевты Дэвид О Райли құттықтап, мерейтой иесіне «Қазақстан Республикасының баянды болашағын қалау жөніндегі жұмысында ұзақ та саламатты ғұмыр және бақыт» тілейді.

Адриаан Ван дер Меер Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Басқарушылар Кеңесінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтап, Қазақстан Президенті ұсынған елді дамытудың тұжырымдамасына өзінің қолдау білдіретінін жеткізеді.

«Итера» директорлар кеңесінің төрағасы И.В. Макаров Нұрсұлтан Назарбаевқа компания басшылығы мен ұжымы атынан шын жүректен шыққан және игі мақсаттарды жүзеге асыру жолында табыстар мен сәттіліктер тілеген құттықтауларын жеткізген.

Токио-Мицубиси Банкінің басқарма төрағасы Кацунори Нагаясу Мемлекет басшысын мерейтойымен және біздің еліміз қол жеткізген зор жетістіктермен құттықтайды. «Біздің банк үшін Қазақстанмен өзара қарым-қатынасты нығайту басым мақсат болып табылады. Біз алдағы уақытта да Қазақстанның дамуына қуана-қуана түрлі көмек көрсететін боламыз» делінген хатта.

«Русал» компаниясының бас директоры О.Дерипаска өз құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі - «биік адами аңсарларға риясыз қызмет етудің жарқын үлгісі» екенін атап өткен.

«Қазақстан Республикасы басшылығындағы сіздің сан қырлы қызметіңіз мақсатқа жетудегі табандылықтың, биік патриоттық сезімнің, азаматтық борышқа адалдықтың айшықты көрінісі», - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолданған Ресейдің «Внешэкономбанк» төрағасы В.А.Дмитриевтің құттықтау хатында.

«КонокоФиллипстің» директорлер кеңесінің төрағасы Дж. Дж. Малва Мемлекет басшысын мерейтойымен құттықтай келе, «компания Қазақстанның жетістіктерін және Сіздің еліңіздің қарқынды дамуы мен гүлденуіне қосып жатқан өз үлесін мақтаныш тұтатынын» атап айтқан.

«Би Джи Групп» компаниясының және жеке өзінің атынан Президент Н.Ә.Назарбаевты Франк Чапман құттықтады. «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді өзіңіз қол жеткізген елеулі табыстарыңызбен құттықтағым келеді, - деп жазады Ф.Чапман. - Сіздің алысты көздеген көреген саясатыңыздың арқасында халықаралық инвесторларға Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік пайда болды».

Өз кезегінде «Би Джи Казақстан» компаниясының президенті Марк Роллинз Мемлекет басшысын өзі басқаратын компанияның «алда да Сіз және Қазақстан Үкіметі қойған басым міндеттерді орындауға қолдау көрсете беретініне» сендіреді құттықтау хатында.

«ПетроКазақстанның» сан мыңдаған ұжымы атынан Н.Ә.Назарбаевты компания президенті Вэй Юйсян құттықтады. Ол Қазақстан халқы өзінің көп жетістіктерін өз Президентінің, «бүгінгі елдің ұлт көшбасшысының» атымен байланыстыратынын айтады.

Соңғы жаңалықтар