ҚР Президентінің кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасындағы II халықаралық турнирге 8 команда қатысады

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Сәуірдің 26-сы мен 30- ы аралығында Алматыда өтетін ҚР Президентінің кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасындағы II халықаралық турнирге барлығы 8 команда қатысады,

ҚР Президентінің кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасындағы II халықаралық турнирге 8 команда қатысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. Бірінші кезеңде қатысушылар екі топқа бөлініп отыр. «А» тобында Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), ЦСКА (Мәскеу), Қырғызстанның «Абдыш-Ата» (Қант) және Әзірбайжанның «Академия» (Баку), ал «В» тобында Бразилияның «Оле Бразил» (Сан-Паулу), Голландияның «АДО ден Хааг» (Гаага), Ресейдің Рубин» (Қазан) және Қазақстанның «Семей-93» (Семей) командалары өнер көрсетеді. «Семей-93» командасы бірінші ойынын сәуірдің 26-да «Оле Бразил» клубымен өткізеді. Одан кейін сәуірдің 27-де «АДО ден Хаагпен», сәуірдің 29-да «Рубинмен» кездеседі. Топтық турнирдің нәтижесі бойынша командалар топтағы алған орындарына қарай бір-бірімен кездеседі, сөйтіп командалардың қорытынды классификациядағы орындары анықталады. Яғни турнирдің бас жүлдесі үшін таласу құқығына әр топтан үздік шыққан командалар ие болады. Биыл турнирдің ойындары «Football Land» спорт кешенінде, сондай-ақ Орталық стадионда болады. Жарысқа жасы 17 ден аспаған жасөспірімдерден құралған клубтар қатысады. Айта кетейік, былтыр бұл турнирдің бас жүлдесін Түркияның «Бешикташ» командасы жеңіп алған болатын. Олар финалда Ресейдің ЦСКА-сын 3:1 есебімен жеңді.