ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру күні белгіленді

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы» Өкімге қол қойды.

ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру күні белгіленді

***

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

1. Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының он тоғызыншы сес­сиясы 2012 жылғы 27 сәуір күні Астана қала­сында «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңарту» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республи­ка­сының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 16-ы.    

№ 99