ҚР Президентінің сайты және оның баспасөз қызметінің твиттер-акаунты - Мемлекет басшысының жұмысы туралы ақпараттардың бірден-бір ресми көздері болып табылады

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының шешімдері мен маңызды оқиғалар туралы жедел ақпараттандыру мақсатында AkordaPress сайтында Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің твиттер-акаунты (twitter.com/AkordaPress) ашылды,

ҚР Президентінің сайты және оның баспасөз қызметінің твиттер-акаунты - Мемлекет басшысының жұмысы туралы ақпараттардың бірден-бір ресми көздері болып табылады

онда Нұрсұлтан Назарбваевтың қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасы жарияланады.

Мемлекет басшысының ресми сайты және Президенттің баспасөз қызметінің твиттер-акаунты Мемлекет басшысы және Президент Әкімшілігі қызметі туралы ақпараттардың тең дәрежедегі және бірден-бір ресми көздері болып табылады.    

Барлық ақпараттық агенттіктеріне, жаңалықтар ленталарына, сондай-ақ басқа да баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарына Мемлекет басшысының ресми сайтын ғана емес, сондай-ақ баспасөз қызметінің твиттер-акаунтын ресми және сенімді ақпараттық ресурс ретінде өз қызметінде пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар ақпарат көзіне сілтеме жасау қажет. Баспасөз қызметі сондай-ақ Президенттің ресми сайтынан фото және бейнематериалдарды кеңінен пайдалануға кеңес береді.