ҚР Президентінің стипендиясы қандай ЖОО-ға берілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы» бұйрық жобасын даярлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің стипендиясы қандай ЖОО-ға берілмек

Бұйрық қосымшасында мына оқу орындарында стипендиялар көрсетілген:

- «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі - 5;

- «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - 9;

- «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі - 4.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін», - делінген құжатта.