ҚР Президентінің тапсырмасымен салынған жетім балаларға арналған жаңа кәсіби-техникалық лицей мұғалімдерді жұмысқа конкурс бойынша қабылдайтын болады

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша салынған жетім балаларға арналған жаңа кәсіби-техникалық лицейдің штатын толықтыру үшін арнайы конкурс жарияланатын болады. Бұл жөнінде лицей директоры Бірлік Қапезов мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде балалар үйлерінен 200 өтініш түсті, қыркүйектің 1-інде оқу жылын бастайтын шығармыз деп ойлаймын», - деді Бірлік Қапезов. Оның айтуынша үздік оқытушыларға лицей аумағынан 25 пәтер (1 және 2 бөлмелі) берілетін болады.

 Қапезов бұл лицейдің Президенттің тапсырмасы бойынша салынғанын атады және бұл жетім балаларға арналған жалғыз  оқу орны. Болашақта балалардың жұмысқа орналасуы жеңіл болады деп ойлайды ол, өйткені олар оқытатын кәсіптер еңбек рыногында сұранысқа ие. Барлық шеберханалар беларус, ресей және ағылшын өндірістерінің заманауи өнімдерімен жарақталған.

Соңғы жаңалықтар