ҚР Президентінің телерадиокешені Арал теңізі туралы деректі фильм түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің телерадиокешені Арал теңізі туралы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президентінің телерадиокешені Фейсбукте жазғандай, «Хабар» арнасында көрсетілген осы фильмде экологиялық проблема егжей-тегжейлі қозғалған. Сондай-ақ Арал теңізін құтқару жолдары туралы және де Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшыларының Түрікменстанда өткен 12-інші саммитінің коммюникесінде бекітілген ұсыныстар туралы кеңінен айтылған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 24 тамызда Түрікменстанда Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшыларының 12-сі саммиті өткен болатын. Онда бүкіл орталықазия елдерінің басшылары жиналған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осы шараға қатысты.
Келіссөздердің ең басты тақырыптарының бірі - Арал проблемасын БҰҰ жұмысының жеке бағыты ретінде бөліп шығару екендігін атап өткен жөн.