ҚР Президентінің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Премьер-Министр Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында «қарапайым заттар экономикасы» мәселесі қаралатынын айтқан еді.

«Келесі дүйсенбі күні Мемлекет басшысының төрағалығымен осы мәселе Үкімет отырысында қаралатын болады. Әкімдер есеп беруге дайын болуы керек. «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бағдарламасы кәсіпкерлікті дамытудың және жұмыспен қамтамасыз етудің маңызды құралы. Жобалардың бәрі өңірлерде іске асырылады. Әкімдер бағдарламаны іске асыруға белсене атсалысып, жаңа жобаларды ұсынуы, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Үкіметтің кейтілген құрамдағы отырысы осыған дейін биыл 30 қаңтар күні өткен еді.


Соңғы жаңалықтар