ҚР Президентінің зейнетақы жүйесін жаңғыртуды 2018 жылға дейін созуы - оның қазақстандықтарға деген қамқорлығы
АЛМАТЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесінің мерзімін 2018 жылға ауыстыруы өте дұрыс болды. Бұл - нағыз батыл мәлімдеме» - деді ҚазАқпараттың тілшісіне Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, професор Дина Жүсіпәлиева.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тағдырына, жүгі ауыр құжаттың қабылдауын кідірте тұруды сұраған әйелдердің тілегіне бейжай қарамады. Елбасы өз ұлтының қамқорлығы мен қазақстандықтардың әл-ауқаты мәселесін бірінші орынға қояды», - деп атап өтті ғалым. Оның сөзінше, бұл - Елбасы даналығының, саяси көрегендігінің, қазақстандықтардың әл-ауқаты мәселесіне қатысты кез келген сұрақты жан-жақты ойланып барып шешетіндігінің тағы бір айқын көрінісі.
«Адамға деген жанашырлық деп осыны айт. Біз Президентімізді мақтан тұтамыз. Қазақстанның қарыштап дамып келе жатқаны - сол кісінің арқасы. Еліміз дамудың жаңа сатысына көтерілгелі тұр», - деп мәлімдеді Д. Жүсіпәлиева.