14:30, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Ашық есік күні» өтеді
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең, мамырдың 29-ы күні Астанада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Ашық есік күні» өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шара аясында академияның 2010-2011 жылдарға арналған жетістіктері мен перспективаларының таныстырылымы болады. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде шақырылған қонақтар Академия басшыларымен, оқытушыларымен, тыңдаушылары және түлектерімен әңгімелесу мүмкіндігіне ие болып, оқуға қабылдаудың мерзімі мен ережелері, сондай-ақ оқуға түсушілерге қойылатын талаптар туралы біле алатын болады.
Айта кетейік, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 1998 жылы құрылған. Академия миссиясы - мемлекеттік басқару саласында жоғары білікті мамандар мен ғылыми-практикалық ұсынымдар даярлау. Кадрлар даярлау бағдарламалары халықаралық қорлардың қаражатына іске асырылады.