ҚР Президентінің Жарлығымен Анзар Мұсаханов Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «А.Т. Мұсахановты Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Анзар Тұрсынханұлы Мұсаханов Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 13 сәуір. № 52
Анзар Тұрсынханұлы МҰСАХАНОВ
1966 жылы туған, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Институтты бітіргеннен кейін Алматы облысында кеңшардың бас мал дәрігері, кейін Күрті ауданының бас мал дәрігері, Темір жол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибе шаруашылығының директоры болды. Республика Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымдарына тағайындалды.
Соңғы кезде - Алматы облысы әкімінің орынбасары.