ҚР Президентінің Жарлығымен бірнеше Елші қызметтерінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Кувейт, Бангладеш, Пәкістан елдеріндегі Елшілері қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

ҚР Президентінің Жарлығымен бірнеше Елші қызметтерінен босатылды

Алмас Шамшиденұлы Әбдіраманов Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Барлыбай Кәрімұлы Садықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.