ҚР Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министрлігінің жаңа басшысы тағайындалды
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қ.Н Қасымовты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалсын
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 12 сәуір
№26