ҚР Президентінің Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Жарлығымен Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
***
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "А.С. Айдарбаевты Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы" Жарлығы
Алик Серікұлы Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 18 қаңтар
№ 477