ҚР Президентінің Іс басқармасы үздік шахматшыларды анықтады

Лучших шахматистов определили в организациях УДП РК
Фото: ҚР ПІБ

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада ҚР Президентінің Іс басқармасы мен бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің арасында шахматтан жарыс өтті.

Салауатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау үшін жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі спартакиада аясындағы турнирде Іс Басқармасының орталық аппараты, Медициналық орталық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Автошаруашылық, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы, ҚР Президентінің Телерадиокешені, Инженерлік-техникалық орталық, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Астана-20» мемлекеттік қоры, «Бурабай-Даму» серіктестігі, Президенттік орталық сынды мекемелердің қызметкерлерінен жасақталған 13 команда бақ сынады. Әр командада 2 ойыншыдан болғанын айта кетейік. 

ҚР ПІБ
Фото: ҚР ПІБ

Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған ҚР Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы Серік Кенжебаев: 

– Шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт. Шапшаңдық пен шыдамдылыққа, аналитикалық ойлауға тәрбиелейтін, логикалық қабілетті дамытатын ойын. Баршаңызға әділ ойында жарқын жеңіс пен сәттілік тілеймін, - деді. 

Тартысты өткен бәсекеде Инженерлік-техникалық орталық командасы қарсылас шақ келтірмей, бас бәйгені жеңіп алды. 

Екінші орынды «Бурабай» ұлттық паркінің қызметкерлерінен жасақталған команда иеленді. Президент Іс басқармасының Орталық аппаратының командасы жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. 

Сайыс қорытындысы бойынша Орталық аппарат командасының мүшесі Мереке Тұтанов пен Инженерлік-техникалық орталықтың қызметкері Салим Оразаев турнирдің «Үздік ойыншысы» аталымдарын жеңіп алды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок пен медальдар, тиісті дипломдар тапсырылды.

Лучших шахматистов определили в организациях УДП РК
Фото: ҚР ПІБ

ҚР Президентінің Іс басқармасы жүйесіндегі спартакиада аясында бұған дейін тоғызқұмалақтан жарыс өткенін айта кетейік. Қатысушылар жыл соңына дейін үстел теннисінен, шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, бильярд сынды спорт түрлерінен сайысады.

Соңғы жаңалықтар
telegram