ҚР Президентінің сапары әріптестігіміздің стратегиялық құндылығын көрсетеді – Джорджа Мелони

АСТАНА. KAZINFORM - Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелони өзінің Instagram парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуіне байланысты пост жариялады.

Италия
Фото: akorda.kz

«Бүгін Палаццо Киджиде ҚР Президентін @tokayev_online қабылдағаныма қуаныштымын. Оның сапары біздің әріптестігіміздің стратегиялық құндылығын және халқымыздың арасындағы қарым-қатынастың үздік деңгейін көрсетеді. Көптеген стратегиялық секторлар бойынша өзара тиімді түсіністіктің маңызды хаттамаларымен алмасу және бірлескен декларацияны қабылдау — әріптестікті дамытуға, сондай-ақ Қазақстан және Орталық Азиямен байланысты нығайтуға деген ниеттің дәлелі», — деп жазды Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы.

Осыған дейін Джорджа Мелонидің Қазақстан Президентін «Киджи» сарайында күтіп алғаны хабарланған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Giorgia Meloni (@giorgiameloni)