ҚР Президенттігіне кандидат М.Елеусізов ЕҰУ студенттерімен кездесті

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Мэлс Елеусізов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді.

ҚР Президенттігіне кандидат М.Елеусізов ЕҰУ студенттерімен кездесті

Кездесу барысында ол өзінің сайлауалды тұғырнамасы туралы кеңінен әңгімелеп берді. М.Елеусізовтің атап өтуінше, бағдарламасында экология мәселесіне баса назар аударылған. Өйткені қазіргі таңдағы негізгі экологиялық проблемалардың бірі климаттың жаһандық жылынуы болып отыр. «Қазір климаттың өзгеруі бойынша өте қауіпті процестер жүруде. Жер температурасы 0,5 градусқа көтерілді. Климаттың жылыну проблемасы - атом соғысынан да қорқынышты өте қауіпті жағдай», - деді Президенттікке кандидат.

Сондай-ақ ол өзінің сайлауға барлық қоғамның, оның ішінде билік басындағылардың назарын климаттың жылынуы проблемасына аударту мақсатында түскендігін баса айтты.