ҚР президенттігіне кандидат Мэлс Елеусізов 150 жылдық бұлақты сақтап қалу міндетін алды
АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Табиғат» қауымдастықтар мен кәсіпорындардың экологиялық қоғамының төрағасы,
ҚР Президенттігінен кандидат Мэлс Елеусізов 150 жылдық бұлақты сақтап қалу міндетін алды, деп хабарлады Қазақстан президенттігіне кандидаттың штабы.
Бұл бұлақ көзі Алматыға жақын жерде Украинская, 45 мекен-жайында шығыс айналма жолға жақын жерде орналасқан.
Жолды салу кезінде аудан тұрғындары бұлақтың асфальт астында қалып қоймауын қатаң қадағалаған еді. Осының арқасында бұлақ көзі сақталып қалды. Сонау КСРО уақытында билік өкілдері емдік қасиеті бар қайнар бұлақтың жанынан шипажай салуды жоспарлаған. Бірақ су құрамында қажетті құрамдас заттың болмай шығуы, құрылыс салуға рұқсат беруге кедергі болды. Бұлақ орнында осы жерде тұратын православты христиандар судың емдік қасиетін арттыра түсу үшін өз икондарын да орнатқан екен.
Мэлс Елеусізов бұлақ маңында тұратын адамдар мен құрылысшылардың көмегімен бұлақты аршу мен оны қайта қалпына келтіру жұмыстарын атқарып, осы арқылы Қазақстанның жер-жеріндегі бұлақ көздерін ашу бағдарламасын бастамақ.