ҚР Президенттігіне кандидат Мұсағали Дуамбеков бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөніндегі сынақтан өтеді
Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша емтихан үш түрлі талап бойынша жүргізіледі. Біріншіден, Президенттіке кандидат лингвистикалық комиссия ұсынған тақырыптар бойынша көлемі екі беттен аспайтын шығарма жазуы керек. Екіншіден, ол үш беттен аспайтын мәтін оқуы тиіс, үшіншіден, 15 минуттан кем емес сөз сөйлеуі керек. Кандидаттың сыннан өткен - өтпегендігін тіл, әдебиет саласының мамандарынан құрылған лингвистикалық комиссия өкілдері шешеді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше лингвистикалық комиссияға алғашқы болып сынақ тапсырған Президенттікке кандидат Уәлихан Қайсаров сынақтан өте алмады. Ал оның алдында емтихан тапсырады деген кандидат Сәлім Өтен сынаққа келе алмайтындығын айтып, Орталық сайлау комиссиясынан сынақ тапсыру мерзімін кейінге шегеруді сұрады. Республика бойынша осы уақытқа дейін Президенттікке кандидат ретінде барлығын үш адам тіркелген.