ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков Көкшетауда болды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Сайлауалды науқаны шеңберінде ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков Көкшетау қаласында болды.

ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков Көкшетауда болды

Сапарда онымен бірге ҚКХП ОК хатшысы Владислав Косарев болды. Жиырмаға жуық коммунист қаланың орталық алаңы арқылы В.Ленин ескерткішіне қарай бет алып, оған гүл шоқтарын қойды. Одан кейін кандидат орталық базарда болып, сатушылармен кездесті, алғашқы қажеттілік азық-түліктері бағаларына назар аударып, қалалықтардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында Ж. Ахметбеков тұрғындарға өзінің сайлауалды платформасын баяндап берді.