ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков өңірлерде үгіт-насихат жүргізу сапарларының қорытындысын жасады

АНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының атынан сайлуға түсетін ҚР президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков және оның сенімді өкілдері Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарына жасаған үгіт-насихат сапарларының қорытындысы бойынша Қызылордада баспасөз мәслихатын өткізді.

ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков өңірлерде үгіт-насихат жүргізу сапарларының қорытындысын жасады

Бұл туралы ҚР президенттігіне кандидаттың баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.

Ж.Ахметбеков атап өткендей, өңір халқы оның «Жамбыл Ахметбековтің үш бастамасы» атты бағдарламасын жақсы қабылдаған. Ол сондай-ақ ауыл халқының жағдайы қатты алаңдататындығын атап өтті.

Мен Ақтөбе мен Шымкенттегі қарттар үйінде, жетім балаларға арналған интернат үйлерінде болдым, Алматы және Қызылордадағы оралмандармен, жол қызметкерлері, студент жастармен кездестім. Жастардың елдегі саяси жағдайларға етене араласатындығы қуантты», - дейді Ж.Ахметбеков.

Баспасөз мәслихатына ЕҚЫҰ атынан байқылаушылар қатысты.