ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс

Президент сайлауын жүргізуге қаражат республикалық бюджеттен бөлінетіндігін атап өткен ол: «Сонымен қатар президенттікке кандидаттар үгіт науқанын жүргізу үшін сайлау қорларын құруға құқылы. Сайлау қоры кандидаттың жеке қаражатынан және кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің, азаматтар мен ұйымдар ерікті түрде көрсететін қаржылай көмекпен құрылады. Әрбір кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс», - деді.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша ел азаматтарына президенттік сайлауды жеткізу мақсатында роликтер, плакаттар, билбордтар, сонымен қатар баспа өнімдері дайындалады.