ҚР Президенттігіне үміткерлер үйлесімді жұмыс істеуде - сарапшы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Юрий Бұлықтаев президенттікке үміткерлердің сайлау штабтары өте үйлесімді жұмыс істеуде деп санайды. Ол бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

ҚР Президенттігіне үміткерлер үйлесімді жұмыс істеуде - сарапшы

«ҚР Президенттігіне үміткерлердің барлығы үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Комиссия немесе сайлау штабтары тарапынан қандай да бір заң бұзушылық әрекеттер болған жоқ. Мен мұны өз зерттеулеріме сүйеніп айтып отырмын. Сондықтан, Президент сайлауы әділ өтеді деген сенімдемін», - деді Ю. Бұлықтаев.

Оның айтуынша, бұрынғы сайлау алды науқандарына қарағанда бұл жолы президенттікке үміткерлердің сайлау штабтарының үйлесімді жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінді. «Меніңше Қазақстанда биылғы сайлау алды науқаны бір қалыпты тыныш өтті деуге болады. Енді сайлаушылардың сайлауға келу деңгейі жоғары болады деп ойлаймын», - деді сарапшы.