ҚР Президенттігіне үміткерлердің ешқайсысы БАҚ-қа қандай да бір ескерту жасаған жоқ - Айдос Сарым
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Қазақстанда өтетін президенттік сайлау сарапшылар қауымдастығының үлкен қызығушылығын тудырды. Электоралдық науқанның барысы туралы өз пікірін Алтынбек Сәрсенбаев атындағы қордың жетекшісі, саясаткер Айдоc Сарым білдіріп өтті.
«Жалпы айтатын болсақ, БАҚ: сайттар, газеттер, телеарналар барлық кандидатқа, әрқайсының қызметіне шамамен бірдей уақыт бөлуде. Мұны оң бағалауға болады. Бұл біздің қалыптасып жатқан сайлау мәдениетіміздің аясында мүмкін, заңнама деңгейінде бекітуге болатын жақсы мәдениет, жақсы дәстүр. Бұл тұрғыдан келгенде, кандидаттардың ешқайсысы БАҚ-тарға қандай да бір кейістік білдіріп, ескерту жасаған жоқ», - деді саясаткер.