ҚР Президенттік мәдениет орталығы табиғат апатынан зардап шеккен отандастарымызға гуманитарлық көмек акциясын ұйымдастырды

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенттік мәдениет орталығында табиғат апатынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсету мақсатында гуманитарлық көмек акциясы ұйымдастырылды,
None
None

деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметінен.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбековтың бастамасымен акцияға орталық қызметкерлері мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың арасында «Мәдени мұра» журналының бас редакторы Дүкенбай Досжан, «Алтын тамыр» журналының бас редакторы Несіпбек Айтұлы, табиғат апаттарынан зардап шеккен тұрғындарға қайырымдылық көмек беретін «Ақсуатты қолдау» қорының төрағасы Мұхтарбек Әмірханов бар.

Өз сөзінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері М.Жолдасбеков тілсіз жаудың айтып келмейтінін айтып, «бауырларымыздың басындағы жағдайға қабырғамыз қайысты, енді болған іске берік болып, «көп боп көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолдан келгенше көмегімізді көрсетіп, аянбауымыз керек», деді өз сөзінде. Сондай-ақ ол Абай, Шәкәрім, Мұхтардай алыптардың дүниеге келген жерін су апаты алып жатқаны жанына батқанын, осындай елдің басына күн туған кездегі пайданы ойлап, құлқынын толтырмаққа ұмтылған арсыздардың ісін де айыптады. Осындай шараларда қалталы азаматтардың белсенді болуы керектігін де баса айтты.

«Шығыс Қазақстанда орын алған табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында ҚР Президенттік мәдениет орталығының ұжымы 1 және 5 күндік аралығындағы жалақысын қолма-қол жинап тапсырып отыр. Бұл жиналған қаржыны көмекке зәру тұрғындарға жіберу көзделген. Қаржылай көмекпен қатар қажетті жылы киім-кешек те жиналу үстінде», делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде 600 мың теңгеге жуық қаржы жиналған. Айта кетейік, осыған дейін де бұл ұжымның қызметкерлері Қызылағаш ауылындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға да бір күндік жалақыларын арнайы ашылған есепшотқа аударған болатын. ҚР Президенттік мәдениет орталығы бюджеттік сала болғандықтан қызметкерлерінің алатын жалақысы аз, дегенмен олар көмек қолын созып, өзгелерді де осыған үндеп отыр. Бүгінде Қазақстанның екі өңірінде орын алған оқиғаға байланысты орталықтың қызметкерлері арасында жиналған қаржылай көмектің көлемі 1.200 000 теңгені құрайды.

«Қасиетті жұмадағы бұл іс зекет бергендей болады», деп атап өткен қор төрағасы Мұхтарбек Әмірханов акцияға қатысушылар мен ортақ іске жұмыла кіріскен орталықтың ұжымына алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар