ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Кілемдер әлемі» көрмесі ашылды
СТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айгүл Айтмұқанова/ - ҚР Президенттік мәдениет орталығында халықаралық мұражай күніне орай «Кілемдер әлемі» көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш көрмеге ҚР Президенттік мәдениет орталығы мұражайының қорынан 150-ге тарта өнер туындысы қойылып отыр. Экспонаттардың көбі - ХІХ-ХХ ғасырда қолдан тоқылған бағалы кілемдер. Олардың ішінде ең көнесі - XVIII ғасырдың жәдігері.
«Кілем - ықылым заманнан келе жатқан атадан балаға мирас болып қалатын мұрамыз. Президенттік мәдениет орталығындағы кілемдер топтамасы халқымыздың мәдениеті мен өнерін паш етеді», деді ҚР Мәдениет министрлігінің басқарма бастығы Базарбай Алтаев.
Көрме үстіміздегі жылғы мамырдың 26-на дейін жалғасады.